591

Алматыда дүкендердің бірінде қыздың кеудесін ұстаған ер адамның жеке басы анықталды

Алматы полицейлері дүкендердің бірінде қыздың кеудесінен ұстаған ер адамның кім екенін анықтады.

Алматыда дүкендердің бірінде қыздың кеудесін ұстаған ер адамның жеке басы анықталды
Видеодан алынған кадр

Оның басқа облыстың тұрғыны екені белгілі болды.

"Бостандық аудандық полиция бөлімінің мәліметінше, қылмыскердің жеке басы анықталды. Ол Атырау қаласының тұрғыны. Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434-бабы “Ұсақ бұзақылық бойынша” материалды өндіру соттың қарауына және одан әрі шешім қабылдау үшін Атырау қаласындағы тұрғылықты жеріне жіберілді", – деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі.

Бұған дейін зардап шеккен қыз супермаркеттен видео жариялаған болатын. Кадрларға қарағанда, ер адам мас күйінде болған. Оның қасында тағы бір адам болды.