674

Спортшы Бибарыс Спатай Париж-2024 Паралимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды

Спортшының жаңа жетістері туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Спортшы Бибарыс Спатай Париж-2024 Паралимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды
ашық дереккөзден

Германияның Дуйсбург қаласында пара каноэдан әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Бибарыс Спатай KL2 200 м қашықтығында сәтті өнер көрсетіп, Париж-2024 Паралимпиада ойындарының лицензиясына ие болды. Ол финалдық бәсекеде қашықтықты 42,12 секундта аяқтап, бесінші орыннан көрінді.

Айта кетсек, пара каноэдан әлем чемпионатында алғашқы алты орыннан көрінген спортшылар Паралимпиада ойындарының лицензияларына ие болды.

Әлем чемпионаты Германияда тамыздың 23-27 аралығында өтуде. Жарысқа әлемнің 40 мемлекетінен 110 спортшы қатысуда.