20 жастағы қарағандылық хакер компанияның шотынан 60 млн теңге ұрлады деп айыпталды

28.08.2023, 13:28
597
20 жастағы қарағандылық хакер компанияның шотынан 60 млн теңге ұрлады деп айыпталды canva.com

Қарағандыда ірі ұйымның банк шотынан 60 млн теңге ұрлауға қатысы бар облыстың 20 жастағы тұрғыны ұсталды. Мұны Ішкі істер министрлігі криминалдық полиция департаменті киберқылмысқа қарсы күрес орталығы бастығының орынбасары Рүстем Дүйсетаев айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Интернет желісінде алаяқтар ірі компания бухгалтерлерінің компьютеріне кіру үшін хакерлік бағдарламаларды жиі қолданады. Мысалы, Қарағанды қаласында ірі ұйымның банк шотынан 60 млн теңге ұрлауға қатысы бар облыстың 20 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол ұрлық жасау үшін қауіпті бағдарлама қолданған. Оның қатысушыларын, сондай-ақ олар жасаған басқа да қылмыстарды анықтау шаралары қабылданды», - деп оқиғаның мән-жайына тоқталды Рүстем Дүйсетаев.

Сондай-ақ алаяқтық жолмен алынған ақшаны қолма-қол қаржыға айырбастап, қылмыскерлерге көмектескен Ресей азаматы ұсталған.

«Ақмола облысының полиция департаментінің қызметкерлері Ресей Федерациясының азаматын ұстады. Ол банк қызметкерлерінің атынан алаяқтық жасаған кезде азаматтардан ұрланған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға көмектескен. Аталған күдіктінің 25 қылмыс жасағаны әшкереленді, жалпы шығын 100 миллион теңгеден асады», - деді Рүстем Дүйсетаев.

Сондай-ақ, жыл басынан бері елімізде 12 мыңнан астам интернет-алаяқтық қылмысы тіркелген.

«Бүгінде интернетсіз өмірді елестету мүмкін емес. Онлайн қызметтер өмірдің барлық салаларында кеңінен қолданысқа енді. Өкінішке орай, мұны қылмыскерлер де белсенді қолданады, әсіресе интернет-алаяқтығын жасауға пайдаланады. Жыл басынан бері елімізде осындай 12 мыңнан астам қылмыс тіркелді. Оларды ашудың күрделілігі трансшекаралық сипатқа байланысты. Халықты алдап, ақшасын қағып жүрген алаяқтар көбіне елдің басқа аймағында немесе шетелде болады. Осыған байланысты, аталған қылмыс түрлерінің алдын алу және ашу үшін биыл 16-18 тамыз аралығында республика аумағында «Hi-tech» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді. Оның үшінші күнінде 200 қылмыс тіркелді. Сондай-ақ бұрын жасалған 339 алаяқтық анықталды», - деді Рүстем Дүйсетаев.

Спикер мәлімдегендей, алаяқтық қылмыстар көбіне онлайн сауда кезінде жасалады.

«Әдетте алаяқтар құрбандарына арзан баға ұсынады немесе тауарды тез жеткіземіз деп алдайды. Сатып алушылардан ішінара немесе толық алдын-ала төлемді әдетте үшінші тарап шоттарына салуды сұрайды. Мәселен, Алматы қаласында Instagram әлеуметтік желісінде Iphone маркалы телефондарды сату туралы хабарландырулар орналастырған 2 алаяқ ұсталды. Аталған күдіктілер алаяқтықтың 30 фактісін жасау барысында әшкереленді, жалпы шығын 15 миллион теңгеден асты», - деп мәлім етті Рүстем Дүйсетаев.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды