Төрт жыл бойы күйеуінен зәбір көрген: Үндістанда үш баласымен қалған қарағандылық әйел елге орала алмай жүр

29.08.2023, 14:56
987
Төрт жыл бойы күйеуінен зәбір көрген: Үндістанда үш баласымен қалған қарағандылық әйел елге орала алмай жүр canva.com

Үндістанда үш баласымен қалып қойған қарағандылық әйел елге оралу үшін көмек сұрайды.

Мұны “Немолчи.kz”  қорының басшысы Дина Тәңсәрі мәлімдеді. Айтуынша, Калькуттада төрт жыл бойы күйеуінен зәбір көрген елге орала алмай жүр. Себебі үлкен қызының визалық режимі бұзылған, ал кішілері виза алмаған.

Балаларының үлкені – он жаста, одан кейінгілері үш жарым және бір жаста екен.

“Оның жұбайы төрт жылдан бері әйелге қысым көрсетіп, ұрып-соғып, қылқындырады. Өзі ішімдік ішіп, отбасына қолғабыс етпеді әрі тамақ ішуге шектеу қояды. Оларды ешқайда шығармайды, тіпті үлкен қызының білім алуына мүмкіндік бермей, оған да шабуыл жасайды. Қоқан-лоқы көрсетіп, әйелдің тапқан-жиғанын тартып алған”, – деп жазды Дина Таңсәрі. 

Айтуынша, отауласқанға дейін ер адам оғаш қылық көрсетпеген.

"Мен бұл елде өлгім келмейді, балаларымның жақсы өмір сүргенін қалаймын! Ал олар күйеуімнің маған тап беретінін, тамақ пен заттарды лақтыратынын көруге мәжбүр!", – деді зәбір көрген әйел.

Сыртқы істер министрлігі бұл жағдайда түсініктеме берді.

"Консул отандасымызбен байланыста. Оған көмек көрсетіледі. Оған да, оның балаларына да Қазақстанға оралуға көмектесеміз", – деп мәлімдеді министрлік.

«Енді Rolls-Royce алып береді»: Динара Сәтжан жаңа күйеуінің өзін қалай еркелететінін айтып берді Шымкентте бір топ еркек құлағы естімейтін қызды тапшанда зорлап, соны видеоға түсірген «Сүйеу болар әкең жоқ»: Меруерт Түсіпбаева IELTS-тан жоғары балл жинаған Мақпал Жүнісованың қызын үлгі етті Тұрсын Алагөзов өз қызметкерлеріне қымбат көліктер сыйлады (ВИДЕО) «Ақталғым келмейді»: актер өз әйелін ұрғанын мойындап, оның ата-анасынан кешірім сұрады (ВИДЕО) Декретке миллионмен шыққан 113 әйел сотталмақ Үкімет зейнеткерлердің несиесі кешірілсін деген талапқа жауап қайтарды Ақтөбеде ер адам трансформаторлар ұрлаған «4 машина, 4 пәтер, ғимарат»: Перизат Қайрат миллиардты қайда жұмсағаны туралы тізім жасалды «Анасы адвокат болғасын қорықтым»: танымал әнші Say Mo бұрынғы актер күйеуінен зорлық көргенін жайып салды «Құдайдан қыз болып оянуымды тіледім»: Атышулы Амилай балалық шағынан сыр шертті Журналист Сәуле Әбілдаханқызының қандастар «елді сатып кетеді» деген жазбасын полиция тексеріп жатыр «Екі жыл бұрын ажырасып кетті»: Динара Сәтжан жолдасымен некесін қиды Ақтөбеде марқұмның туыстары ағасын рұқсатсыз жерлеген екі ведомстводан өтемақы талап етті Әйелін бірнеше жыл сабаған дипломат Сәкен Мамаш Астанада тұтқындалды «Мектепте «мини юбка» киген қыздар жүкті болып жатыр»: Атышулы блогер мектепте орамалды рұқсат етпейтін заңға ренжіді Танымал актер әйеліне лифтіде шабуыл жасағаны үшін түсірілім алаңынан қуылды (ВИДЕО) Спортшы Сұлтан Заурбекке Шымкент қаласының әкімі демеушілік жасай ма? Қуандық Бишімбаевтың әкесі Таразда Bishimbayev University оқу орнын ашпақ Ақтауда өтіп бара жатқандар қызды зорламақ болған ер адамды тұрғындар ұстап алды