18 тамыз күні Алматы қаласындағы супермаркеттердің бірінде әйел адамның көкірегіне қолын салған ер адам Атырау қаласынан ұсталды.
“1988 жылы туған азамат өз кінәсін толықтай мойындап, ондай әрекетке алкогольдік мас күйде болған кезде барғанын айтқан. Құқықбұзушылық әрекеті үшін күдікті ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабымен, яғни ұсақ бұзақылық дерегі бойынша бес тәулік әкімшілік қамауға алынды”, – делінген Атырау полиция департаментінің хабарламасында.
Бұған дейін зардап шеккен қыз супермаркеттен видео жариялаған болатын. Кадрларға қарағанда, ер адам мас күйінде болған. Оның қасында тағы бір адам болды