Қырғызстанда TikTok қызметін тоқтату туралы шешім қабылданды

31.08.2023, 09:05
603
Қырғызстанда TikTok қызметін тоқтату туралы шешім қабылданды canva.com

Қырғызстанның Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігі ел аумағында TikTok сервисін тарату қызметін тоқтату туралы шешім қабылдады. Бұл туралы smartnews.kz сайты AKIpress порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Шешім заңнама аясында одан әрі жүзеге асыру үшін Цифрлық даму министрлігіне жіберілді.

Мәдениет министрлігінің мәліметінше, балалардың психикалық дамуы мен денсаулығына кері әсерін тигізетін TikTok әлеуметтік желісінің зиянды әсеріне қатысты бірқатар үкіметтік емес ұйымдардың шағымдары жиілеп кеткен.

"ТикТок қолданушыны қысқа клиптердің виртуалды әлеміне батырады. Жасөспірімдер оларды көргеннен кейін кейбір бейнелерді қайталауға тырысады. Олардың кейбіреулері өмірге қауіп төндіреді. Сонымен қатар, балалардың психикасы әлі де тұрақсыз. Мұндай желі тәуелділік тудырып, жас ұрпақтың эмоционалдық жағдайына кері әсер етеді”, – делінген хабарламада.

Осыған байланысты Мәдениет министрлігі аталған әлеуметтік желінің мазмұнына мониторинг жүргізді. TikTok қолданбасындағы ақпаратқа қол жеткізу кезінде жас санаты қаралмайтынын анықтады.

Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады