499

Қостанай облысында көлік апатынан үш жасар бала қайтыс болды

4 қыркүйек күні түс ауа Нечаевка ауылының маңында “Toyota RAV4” және “Нива” көліктері соқтығысты.

Қостанай облысында көлік апатынан үш жасар бала қайтыс болды
stan.kz

Апат салдарынан үш жасар бала көз жұмды. Сондай-ақ алты адам жарақат алып, жергілікті ауруханаға жеткізілді.

"Алдын ала мәлімет бойынша, “Toyota RAV4” жүргізушісі басып озу қауіпсіздігіне сенбей, қарсы жолаққа шығып кеткен. Жол-көлік оқиғасы бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы "Адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – делінген хабарламада.