Қостанай облысының екі тұрғынынан құны 100 млн теңге болатын синтетикалық есірткі тәркіленді

04.09.2023, 18:02
525
Қостанай облысының екі тұрғынынан құны 100 млн теңге болатын синтетикалық есірткі тәркіленді polisia.kz

Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора – 2023» жедел алдын алу шарасын өткізу кезінде синтетикалық есірткіні таратумен айналысқан екі жас жігітті ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Нұржан Ахметовтың айтуынша, жедел-іздестіру шаралары барысында жалдамалы пәтерде облыс орталығының 21 және 22 жастағы екі тұрғыны ұсталды. Пәтерді тінту кезінде полиция қызметкерлері төрт келіден астам А-PVP есірткісін тәркіледі. Сонымен қатар электронды таразылар, 240 шағын-магниттер, электр таспасы, фольга және есірткіні орауға арналған басқа да құрылғылар табылды. Қара нарықта аса ірі мөлшерде алынған синтетикалық есірткі партиясының құны шамамен 100 млн теңгені құрайды. Бұл партияда – 15 мыңнан астам доза бар.

Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынды. Полиция ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу, жөнелту мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.Баптың санкциясы аясында қылмыс жасаған адамның мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қамтиды. Жыл басынан бері Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл қызметкерлері заңсыз айналымнан 328 келі түрлі есірткі заттарын тәркіледі.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды