Алматыда жүргізуші ірі жол апатын жасап, оқиға орнынан қашып кеткен

05.09.2023, 12:11
502
Алматыда жүргізуші ірі жол апатын жасап, оқиға орнынан қашып кеткен canva.com

Алматыда түнгі уақытта ірі жол апатын жасаған жүргізуші оқиға орнынан жаяу қашып, жасырынып үлгерді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 5 қыркүйек түнгі сағат 1:35-те Әуезов ауданында ірі жол апаты болды. «Мерседес» маркалы автокөлік Сайын көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, «Ниссан», «Мерседес», «Тойота Ленд Крузер Прадо», «Шевроле» көліктерімен соқтығысқан. Жүргізуші оқиға орнынан жаяу қашып кетіп, жасырынып үлгерді.

«Қазіргі уақытта жүргізушінің кім екені анықталды. Оны ұстауға тиісті шаралар қабылданып жатыр. Жол апатынан «Ниссан» автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы зардап шекті. Аталған дерек Әуезов ауданы полиция басқармасы қызметкерлерімен өндіріске қабылданды», - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.


«Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды Доллар, еуро, рубль: 14 мамырдағы айырбас бағамы қандай Шаңды дауыл, үсік пен найзағай: елде ауа райы күрт бұзылады