Айына 48 миллион теңге: Еліміздегі банк басшыларының қанша жалақы алатыны белгілі болды

05.09.2023, 13:15
929
Айына 48 миллион теңге: Еліміздегі банк басшыларының қанша жалақы алатыны белгілі болды stan.kz

Finance.kz Telegram-арнасы 2022 жылдың банк маусымына қорытынды жасап, елдегі банктердің басшылары қанша жалақысы алатынын жариялады.

Finance.kz ұсынған кестеде банктердің басқарма басшыларының саны мен олардың 1 жылда алған төлемдерінің көлемі жарияланған. Сонымен қатар айына орта есеппен қанша жалақы алатынын да есептеп көрген. Айта кетері, жалпы сомаға 1 жыл көлемінде алған жалақы, үстеме ақы мен бонустар секілді өзге де төлемдер қосылған. 

"Forte Вank басқарма құрамының әр мүшесіне ай сайын орта есеппен 48,4 миллион төлеп, тізімнің басында тұр. Былтыр банк басқарма құрамындағы шетелдіктерді қазақстандық қызметкерлермен ауыстырған. Иә, бізде екі Kaspi бар, біріншісі банк, екіншісі де банк, бірақ атауы бөлек және смартфонымызда дәл осы нұсқасы орнатылған", – делінген жазбада. 

Басқарма мүшелеріне төленген жалақы мөлшері бойынша RBK банкі екінші орында тұр. Екінші деңгейлі банкте 4 басқарма мүшесіне 1 миллиард 521 миллион теңгеден астам жалақы төлеген. Әр басшыға орта есеппен ай сайын 31 699 855 теңге төленіпті. 

Ал үшінші орында Altyn банкі тұр. Банк 5 басқарма мүшесіне 1 миллиард 355 миллион теңгеден аса қаржы төлеген. Орта есеппен олар ай сайын 22 587 718 теңге алыпты.

Halyk Bank 12 басқарма мүшесіне 2 миллиард 924 миллион теңге төлепті. Сәйкесінше басқарма мүшелері ай сайын 20 308 961 теңге алған. 

Алғашқы бестікте Bereke банкі де бар. Екінші деңгейлі банк басқарма құрамындағы 12 басшыға 2022 жылы 2 миллиард 843 миллион теңге төлеген. 12 айға бөлгенде әр басшы ай сайын 19 748 925 теңге жалақы алыпты. 

Home Credit банкі 3 басқарма мүшесіне 337 миллион теңге төлепті. Ал ай сайын олар 9 362 914 теңге жалақы алған. Jusan банкінде барлығы 8 басқарма мүшесі бар. Оларға 2022 жылы 828 миллион теңгеден астам немесе ай сайын әрқайсысына 8 631 608 теңге төленіпті. 

Еуразиялық банк басқарманың 9 мүшесіне ай сайын 8 457 638 теңге (барлығы 913 миллион теңге) төлеген. Kaspi Bank басқарма құрамындағы 3 басшыға әр айда орта есеппен 5 945 240 теңге төлепті. 

Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты «Албасты деді»: Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО) «17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған Трамп пен Путин 2 сағат бойы не туралы сөйлесті? АҚШ келесі келіссөз соңғы деп сендірді «Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағады»: Бейсен Құранбектің жары алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО) «Қамауға алды»: Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейден шығарылмақ (ВИДЕО) Түркістандағы мектеп формаларын тігетін фабриканы қытайлық компания ашатын болды «262 500 теңге»: Күзде стипендия өседі Әскери борышты өтеу ешқашан кеш емес: Астаналық ұландықшеру кезінде жасаған әсерлі қылығымен желіде жұлдызға айналды Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты