Қасым-Жомарт Тоқаев Сүлеймен Демирел атындағы университетке барды

06.09.2023, 11:32
550
Қасым-Жомарт Тоқаев Сүлеймен Демирел атындағы университетке барды gov.kz

Президент жоғары оқу орнының білім беру және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен, сондай-ақ университетті одан әрі дамыту стратегиясымен  танысты.

Университет ректоры Әлімжан Игенбаевтың айтуынша, мұнда 8500-ден астам студент оқиды. Олардың арасында Орталық Азия, Қытай, Ресей, Моңғолия, Индонезия секілді мемлекеттердің азаматтары бар.  Сонымен қатар оқу ордасында 500-ге жуық профессор жұмыс істейді.

Мемлекет басшысына университетте қазақ тілі, Қазақстан тарихы, математика және IT салалары бойынша жобаларды жүзеге асыратын ғылыми-зерттеу институты мен орталықтар, ғылыми зертханалар жұмыс істейтіні туралы баяндалды. Бұдан бөлек, университет шетелдік 70 жоғары оқу орнымен байланыс орнатқан, сондай-ақ Erasmus бағдарламасына, академиялық ұтқырлық пен тәжірибе алмасуға қатысты басқа да жобаларға қатысады.

Қасым-Жомарт Тоқаев жас оқытушылармен, ғалымдармен, студенттермен әңгімелесу барысында білім беру жүйесіне озық әдістерді енгізу маңызды екенін ерекше атап өтті.

– Қазіргі заманда технологияны жетік меңгеру керек. Мен өз Жолдауымда Қазақстанды  IT саласы дамыған озық елге айналдыру қажеттігі туралы айттым. Университеттеріңізде осы игі мақсатқа жету үшін зор күш-жігер жұмсалып жатыр деп ойлаймын. Сіздер оқуда озат болады деп үміттенемін. Ұлыбританияда және басқа да шет елдерде білім алған білікті профессорларыңыз бар. Бәріміз Қазақстанның игілігі үшін еңбек етуіміз керек. Біздің Қазақстаннан басқа Отанымыз жоқ. Елімізге білімді, белсенді және ақылды жастар қажет. Сондықтан сіздерге зор сенім артамын. Баршаңызға табыс тілеймін, – деді Президент. 

Инженерлік және жаратылыстану ғылымдары факультетінің студенттері Мемлекет басшысына «Формула Студент» инженерлік жарыс жобасы аясында өздері құрастырған автокөлікті көрсетті.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді