Ақтауда өз қызын зорлаған әскери қызметкерге кастрация жасауға үкім шықты
Ақтау қаласындағы әскери бөлімнің бұрынғы әскери қызметкері, теңіз сержанты бірден бірнеше бап бойынша сотталған. Бұл туралы smartnews.kz сайты Бұл туралы «Не Молчи» қорына сілтеме жасай отыра хабарлайды.
Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты үкім шығарды.
Ер адам 11 жасар қызын зорлағаны үшін оған химиялық кастрация жасауға үкім шығып, ҚР ҚК-нің 120-бабының 4-бөлігімен, 121-бабының 4-бөлігімен, ҚР ҚК-нің 124-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Айта кетейік, айыпталушы апелляциялық шағым түсірген.