546

Жетісу облысында жолға белгі салып жатқан қызметкерді көлік қағып кеткен

Жетісу облысында жол қызметінің қызметкері тас жолда қаза тапты.

Жетісу облысында жолға белгі салып жатқан қызметкерді көлік қағып кеткен
stan.kz

Алматы - Өскемен тас жолының 410 шақырымында 22 жастағы Toyota Camry жүргізушісі 34 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Жол ұйымының қызметкері жол бөлігіне белгі қойып жатқан. Ер адам оқиға орнында соққыдан мерт болды.

Факті бойынша қажетті сараптамаларды тағайындаумен сотқа дейінгі тергеу басталды. Автокөлік арнайы автотұраққа орналастырылған.