Алматыда Мәжіліс депутатының баласына зиян тигізген күдікті ұсталды

11.09.2023, 11:36
579
Алматыда Мәжіліс депутатының баласына зиян тигізген күдікті ұсталды Бақытжан Базарбек

Алматы қаласының полицейлері Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбектің баласының бесік арбасын өртеп жіберген күдіктіні ұстады.

Бұл туралы Мәжіліс депутатының өзі Facebook-те хабарлады. 

Қаскөй  анықталып, ұсталды, – деді депутат.

Алайда ол күдіктінің қалай ұсталғанын айтқан жоқ. Ол баласының арбасын біреулердің тапсырыспен өртеп жіберуі мүмкін екенін ғана айтты. Ал бүгін Алматы қаласы полициясының департаменті жедел-іздестіру кезінде қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдікпен 1991 жылы туған Б. есімді азаматтың ұсталғанын хабарлады.

Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталуда, – делінген полицияның мәліметінде.

Бұған дейін Алматыда Бақытжан Базарбектің отбасына тиесілі балалар арбасын белгісіз біреудің үйдің алдында өртеп жібергенін жазған еді. Ол бұл оқиғаны бұрын билікте болған адамдардың ісімен байланыстыратынын жасырмады.

Менің отбасыма белгісіз біреулерден қоқан лоққыға ұксайтын әрекеттер басталды. Кішкентай балапанымның коляскасын квартирамыздың есігі алдында жағып жіберген. Осылай, Ескі Қазақстанның өкілдері өзінің бар-жоғын ескертіп, білдіріп отырғандай сезінесің! Не болса да тергеу қорытындысын күтейік, – деді депутат. 

Қазір құқық бұзушылық ҚР ҚК-нің 293-бабы бойынша тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды