622

Рудныйда мас еркек футбол ойнап жүрген балаларды соққыға жықты: бір бала ауруханада жатыр (видео)

Рудныйда мас ер адам спорт алаңында ойнап жүрген балаларға тиіскен, деп хабарлайды smartnews.kz сайты жергілікті Наша Газета басылымына сілтеме жасап.

Рудныйда мас еркек футбол ойнап жүрген балаларды соққыға жықты: бір бала ауруханада жатыр (видео)
Видеодан алынған кадр

Оқиға кеше Ленин көшесі, 177-үй мекенжайы маңында болды.

12-13 жас шамасындағы жасөспірімдер футбол ойнап жүрген спорт алаңына мас ер адам кіріп, доп тебе бастаған.

- Олар кеткісі келген, бірақ ер адам балалардың бірін қуып жетіп, басынан тіземен теуіп, жұдырықпен ұрған. Миы шайқалған бала ауруханаға жатқызылды, қазір дәрігерлердің бақылауында, - деп хабарлады жасөспірімдердің ата-анасы.

Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын мәлім етті.