521

Ақтөбе облысында көлік аударылып, бес айлық нәресте қаза тапты

Ақтөбе облысында жол апатынан сәби қайтыс болды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты полицияға сілтеме жасап.

Ақтөбе облысында көлік аударылып, бес айлық нәресте қаза тапты
POLICE_of_KZ

11 қыркүйек сағат 07:00-де Мұғалжар ауданы Сағашилі аулының маңындағы Ақтөбе-Астрахан автожолының 127-шақырымында жол-көлік оқиғасы болды.

28 жастағы Kia-Ceed автокөлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай, көлік құралын аударып алған.

Автокөліктің салонында жүргізушінің отбасы болған.

Апат салдарынан бес айлық қыз бала оқиға орнында көз жұмды, жұбайы мен 2 жасар ұлы медициналық мекемеге жеткізілді.