СҚО-да әйел жетім қызды жезөкшелікке тартып, жәрдемақысын тартып алған

14.09.2023, 12:38
614
СҚО-да әйел жетім қызды жезөкшелікке тартып, жәрдемақысын тартып алған

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны ҚР Қылмыстық кодексінің үш бабы - притон ұйымдастыру, алаяқтық және адам саудасы бойынша сотталды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2022 жылдың мамыр айында 39 жастағы Петропавл тұрғыны жалдамалы пәтерде притон ұйымдастырған.

WhatsApp арқылы массаж жасаушының жұмысын уәде етіп, Ақмола облысынан келген 18 жастағы жетім қызды алдау арқылы жезөкшелікке тартқан.

Бойжеткен бірнеше рет интимдік қызмет көрсетуден қашып, колледжде оқуын жалғастыруға тырысқан, бірақ әйел оған күш қолданып, моральдық қысым көрсетіп, кері қайтарып отырған.

Клиенттерден түскен барлық ақшаны өз қалтасына басқан.

Сондай-ақ асыраушысынан айырылуына байланысты қызға берілген 2,7 млн теңге шамасындағы жәрдемақыны, 150 мың теңге мөлшерінде жиналған шәкіртақыны да өзіне аударып алған.

«Осындай қылмыстар ұзақ уақыт бойы жасырын түрде жасалуына зардап шегіушілердің құзырлы органдарға жүгінбеуі себеп. Мәселен Ақмола облысының 18 жастағы тұрғынына қатысты бірнеше рет құқыққа қайшы әрекеттер жасалған, бірақ ол мүлдем полицияға жүгінбеген. Бұл мәселе басқа қылмысты ашу барысында анықталды», - дейді СҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Жандос Басыбаев.

Әккі әйелді полицияның ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері биыл көктемде қолға түсірді.

Ол Петропавлда сыпырып-жуушының жұмысын іздеп жүрген әйелмен танысып, оны да алдап, Ақмола облысына жыныстық қызмет көрсету үшін 250 мың теңгеге сатып жібермек болған. Алайда бұл әрекеті іске аспады.

Тамыз айында сот оған притон ұйымдастыру, адам саудасы және алаяқтық жасағаны үшін үкім шығарды. Әйел 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Белгілі актриса Ақбота-Нұр Сейітмағамбет тұрмысқа шыққалы жатыр (ФОТО) Түркия оппозициясының лидері Ердоғанға сес көрсетті Бүркіт пен Аиша кенже қызын қырқынан шығарды Оңтүстік Корея Ким Чен Ынның Ресейге қосымша әскер жіберіп жатқанын анықтады Жасанды интеллект көмегімен іздеудегі 285 адам ұсталған Тұрсынбек Қабатовтың әйелі желіде жылаған видеосын жариялап, сыр ақтарды (ВИДЕО) Маңғыстаулық әкеге 10 қызы үй алып берді (ВИДЕО) Соқырішекпен ауруханаға түскен келіншек сәбиінен айырылған соң дәрігерлер жазаланды Мәулен Әшімбаев: Парламентте мерзімінен бұрын сайлау өткізуге еш негіз жоқ АҚШ-та актер Санұржан Сүлеймен өртеніп жатқан көліктен адам құтқарды (ВИДЕО) Қырғызстанда қырғыз тіліне басымдық беретін заң қабылданды «Абыроймен кеткім келді»: Тұрсын Алагөзов бірінші әйелімен ажырасуы туралы алғаш рет ашық айтты Ресейден заңсыз шошқа етін тасығандар ұсталды АҚШ Барлау қызметі: Иранның ядролық нысандары толықтай жойылды! 15 жастағы вандалдың анасы ұлының әрекеті үшін кешірім сұрады (ВИДЕО) «Құжатта Ресей ұзақмерзімді қауіп ретінде көрсетілген»: НАТО қорғаныс шығындарын арттыратын болды Руслан Берденов Respublica партиясындағы лауазымынан кетті Трамп Путиннің соғыстан шаршағанын айтты Қызылордада «XXI ғасырдың қаржылық триггерлері» атты форум өтті Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды