Павлодарда пара алған әкімдік қызметкеріне қатысты үкім шықты

17.09.2023, 10:57
383
Павлодарда пара алған әкімдік қызметкеріне қатысты үкім шықты canva.com

Шенеунік алған параның 20 еселенген сомасын қайтару қажет, деп хабарлайды smartnews.kz сайты @Pavlodarnews.kz.сайтына сілтеме жасап.

Павлодар қаласының № 2 сотында қалалық жер қатынастары бөлімінің бас маманына қатысты қылмыстық іс қаралды.

Ол тамыз айында Павлодар көшелерінің бірінде орналасқан тұрақтың қасында тұрғыннан пара алған. Іс материалдары бойынша пара берген адам өзінің анасына әкімшілік іс бойынша айыппұлдың орнына ескерту түріндегі әкімшілік жазаға ауыстыру мақсатында шенеунікке 50 мың теңге көлеміндегі ақшалай пара берген.

Қылмыстық іс сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру тәртібінде қаралды. Прокурор мемлекеттік қызметшіге параның жиырма еселенген сомасында, яғни бір миллион теңге айыппұл салуды сұрады.

Сотта шенеунік өз кінәсін мойындап, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды сұраған.

«Сот жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды және айыпталушының өз кінәсін толық мойындағанын ескере отырып, ер адамға қатысты мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыру және параның жиырма еселенген сомасы мөлшерінде, яғни 1 000 000 теңге айыппұл ретіндегі жаза тағайындалды»,– деді Павлодар қаласы № 2 сотының баспасөз қызметінде.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

АҚШ-та актер Санұржан Сүлеймен өртеніп жатқан көліктен адам құтқарды (ВИДЕО) Қырғызстанда қырғыз тіліне басымдық беретін заң қабылданды «Абыроймен кеткім келді»: Тұрсын Алагөзов бірінші әйелімен ажырасуы туралы алғаш рет ашық айтты Ресейден заңсыз шошқа етін тасығандар ұсталды АҚШ Барлау қызметі: Иранның ядролық нысандары толықтай жойылды! 15 жастағы вандалдың анасы ұлының әрекеті үшін кешірім сұрады (ВИДЕО) «Құжатта Ресей ұзақмерзімді қауіп ретінде көрсетілген»: НАТО қорғаныс шығындарын арттыратын болды Руслан Берденов Respublica партиясындағы лауазымынан кетті Трамп Путиннің соғыстан шаршағанын айтты Қызылордада «XXI ғасырдың қаржылық триггерлері» атты форум өтті Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Ешкім жаза алмайды»: Айсәуле Бақытбек отбасындағы қайғылы қаза туралы ашып айтты «Жаңа адаммен жаңа өмір»: Жұлдыз Әбдукәрімова жаңа үйін балаларына көрсетті Мас күйде көлік жүргізген Қостанайдағы аурухана бас дәрігері қамалды Иран Израильдің үш тыңшысын өлім жазасына кесті «Ішіме сыймай бара жатыр»: белгілі әзілкеш Еркебұлан Мырзабек сүйінші хабарын жеткізді Жол инспекторы терезеге басы қысылып қалған баланы құтқарып қалды (ВИДЕО) Астанадағы қиранды стадион олигархтардан қайтарылған ақшаға қайта салынып жатыр Иран Халықаралық атом энергиясы агенттігімен «достығын» тоқтатты Жаңа шектеу: Қыркүйектен бастап аударымдар бақылауға алынады