Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йорк қаласындағы жұмыс сапары басталды
Мемлекет басшысы АҚШ-қа барды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.
Ақорда баспасөз қызметінің мәліметінше, сапар барысында Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясы 78-сессиясының Жалпы дебатында сөз сөйлейді, сондай-ақ «Орталық Азия – АҚШ» саммитіне қатысады.
Бұдан бөлек, Президент бірқатар мемлекеттің басшыларымен, халықаралық ұйымдардың және трансұлттық компаниялардың жетекшілерімен кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.