869

Бас прокуратура Самат Әбішке қатысты тергеуді бастады

Бас прокуратура Самат Әбішке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.

Бас прокуратура Самат Әбішке қатысты тергеуді бастады
Halyq Uni

Арнайы прокурорлар Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты «қаңтар оқиғалары» кезінде билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.   

Тергеу құпия құжаттаманың едәуір көлемін зерделеумен байланысты.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.