Ақтөбеде 10 жасар қыз алаяқтардың құрбаны болды

19.09.2023, 18:54
544
Ақтөбеде 10 жасар қыз алаяқтардың құрбаны болды canva.com

Ақтөбеде 10 жасар қыз алаяқтардың құрбаны болды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

 

Белгісіз әйел үй телефонына қоңырау шалып, 10 жастағы қызға анасының жаяу жүргіншіні қағып кеткенін, оны құтқару үшін көп ақша қажет екенін айтқан. Өзін тергеуші ретінде таныстырған әйел тіпті телефонды қыздың анасына бергендей кейіп танытқан. «Анасы» жылаған дауыспен баладан үйдегі барлық жинақ ақшаны беріп жіберуді өтінген.

Бұдан әрі алаяқ 10 жастағы қызға 700 мың теңге көлеміндегі ақша салынған пакетті өзінің сыбайласына қалай беру керегін айтқан. Анасының қиындыққа тап болғанына сеніп, шошып қалған бала ақшаны олар айтқан нұсқау бойынша беріп жіберген.

Анасы үйге келгеннен кейін ғана баланың алаяқтарға алданғаны белгілі болған.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 23 жастағы күдіктіні ұстады. Ол өзінің кінәсін мойындап, әлеуметтік желі арқылы белгісіз адаммен кездескенін айтты. Ол оған жұмыс ұсынған. Міндет жәбірленушіден ақша алу және барлық соманы көрсетілген «жұмыс берушінің» шотына аудару болған.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Өңірде алаяқтықтың құрбаны болып, полицияға жүгінгендер саны артып барады. Алаяқтар жәбірленушілерге туыстары апатқа ұшырағанын айтып қоңырау шалып, зардап шегушілерді емдеу немесе қылмыстық істі тоқтату үшін қажет деген сылтаумен ақша талап етеді.

Полиция қызметкерлері мұндай қоңырауларға сенбес бұрын, анық-қанығына көз жеткізу керек екенін еске салады.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді