Жоғалып кеткен бүлдіршін қалада қайыр сұраған: Қосшыда мас тұрғын қызын танысының үйінде ұмытып кеткен

20.09.2023, 18:20
455
Жоғалып кеткен бүлдіршін қалада қайыр сұраған: Қосшыда мас тұрғын қызын танысының үйінде ұмытып кеткен polisia.kz

Ақмола облысының мас күйдегі тұрғыны қызын танысының үйінде ұмытып кеткен. Бес жастағы бүлдіршін әкесінің танысымен Астанада қайыр сұраған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Бес жасар қыздың жоғалғаны туралы арыз 19 қыркүйек сағат 16:55-те Қосшы қаласының полиция бөліміне түсті. Анасының айтуынша, бүлдіршін бір сағат бұрын жоғалып кеткен. Алайда ата-анасы таба алмағасын, полицейлерден көмек сұраған. Дереу дабыл бойынша полиция бөлімінің жеке құрамы көтерілді, баланың жоғалып кетуі туралы ақпарат жергілікті чаттар арқылы таратылып, іздеуге еріктілер мен қала тұрғындары қосылды.

Полицейлер іздеу іс-шараларын тек Қосшы аумағында ғана емес, Астанада да жүргізді. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің анықтауы бойынша, оқиға болған күні әкесі қызымен бірге досына барып, алкогольді бірге ішкеннен кейін үйге жалғыз оралған, ал баланы бөтен адамның үйінде ұмытып кеткен.

Ал ол ер адам да мас күйінде қызды алып, онымен бірге Астана қаласына барып, қайыр сұраумен айналысқан. Іздеу іс-шаралары кезінде полиция қызметкерлері бейнекамерадан ер адамның жоғалған қызбен бірге жүру маршруттарын бақылаған, олар автобуспен Астанаға барып, қайтып оралған. Бес сағаттық іздестіруден кейін қыз Қосшы қаласынан табылды.

Қызға қатысты ешқандай заңсыз әрекеттер жасалған жоқ. Іс жүргізу кезінде полицейлер ер адамның белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адам екенін анықтады және оның айтуынша, баланы ата-анасына қайтаруды жоспарлаған. Қазіргі уақытта немқұрайлы ата-аналарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы 1-бөлігі (Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша әкімшілік хаттама жасалды.

Отбасы профилактикалық бақылауға алынды. Ер адамға қатысты әкімшілік хаттамалар да жасалды, ол бейімделу орталығына орналастырылды.

Іздеу шаралары аяқталғаннан кейін полицейлер еріктілерге көмек көрсеткені үшін алғыс айтты.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды