Ерлі-зайыпты 12 жыл бұрын жоғалтқан ұлдарын кездейсоқ қағып кетті

21.09.2023, 14:49
24130
Ерлі-зайыпты 12 жыл бұрын жоғалтқан ұлдарын кездейсоқ қағып кетті stan.kz

Қытайда ерлі-зайыптылар 12 жыл бұрын жоғалып кеткен ұлын тапты. Олар баласын табардан бұрын көлікпен келе жатып, қағып кеткен. Бұл туралы The Tiger басылымы хабарлайды.

Жоғалған баланың ата-анасы Фошань қаласының көшелерінің бірінде көлікпен келе жатқан. Осы кезде әйел балалары бар бақытты отбасыларды көріп, көңілі босап кетеді. Ол күйеуіне: "Біздің ұлымыз қазір 15 жаста болар еді. Қазір қайда екен" деп жылай бастайды. Осы сөздерден кейін ер адам кенеттен жолға шыққан қайыршы жасөспірімді байқамай қағып кетеді. 

Ерлі-зайыптылар балаға көмектесу үшін көліктен жүгіріп шығады. Бірақ жасөспірім қатты зардап шекпейді, тек денесі сырылып қалады. Дегенмен ерлі-зайыптылар жасөспірімді ауруханаға апаруға шешім қабылдайды. Басылымның хабарлауынша, ер адам зардап шеккен жасөпірімді ұлына өте ұқсатады. Сондықтан ол әйелінен жасырын түрде өз болжамдарын тексеру үшін ДНҚ тестін жасатады. 

Осылайша анықтама нәтижелері жасөспірімнің ерлі-зайыптылардың ұлы екенін көрсетеді. Ер адам бұл туралы бірден әйеліне айтып, сол күні баланы үйіне алып кеткен. 

Жасөспірім небәрі үш жасында жоғалып кеткен екен. Ата-анасы ұлын достарымен ойнауға қалдырған. Қайтып келгенде баласын таппай қалады. Оны біраз уақыт бұрын бөтен отбасы асырап алған. Кейінірек бөтен адамды әкесі деп санап, соңынан кетеді. Алайда ол жасөспірімді мазақ етіп, ұрып-соғып, жұмыс істеуге мәжбүрлеген. Осыдан кейін бала үйден қашып, көшеде қалады. 

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды