616

Алматыдан Мумбайға тікелей рейс ашылады

FlyArystan әуе компаниясы Алматыдан Үндістанның Мумбай қаласына тікелей рейс ашылатынын хабарлады.

Алматыдан Мумбайға тікелей рейс ашылады
canva.com

Алғашқы рейс 23 қарашаға жоспарланған. Осы бағыттағы ұшақтар әр бейсенбі мен сенбіде ұшады. 

Билеттер бір жаққа 30 274 теңгеден басталады (борттағы кездейсоқ орын және 5 келіге дейінгі бір қол жүгі кіреді).