771

Жетісу облысында жол апатынан бір адам қайтыс болды

Жетісу облысында жол апатынан бір адам қайтыс болды, деп хабарлады smartnews.kz сайты.

Жетісу облысында жол апатынан бір адам қайтыс болды
Halyq Uni

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, қайғылы оқиға Ақсу ауданындағы Көлтабан – Матай тас жолында болған. Ауылдық жолдың 50-шақырымында Mitsubishi Montero Sport көлігінің 63 жастағы жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, аударылып кетті. Оқиға орнынан 2 ер адам ауруханаға жеткізілді. Олардың біреуі ауруханада көз жұмды.

ҚР ҚК-нің 345-бабына сәйкес тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жол-көлік оқиғасының мән-жайы мен жүргізушінің рөлді басқара алмай қалуының себебі анықталып жатыр.