Қарабақтағы жарылыстан 125 адам қаза тапты

27.09.2023, 12:57
555
Қарабақтағы жарылыстан 125 адам қаза тапты oxu.az

Әзербайжан Республикасының Қарабақ экономикалық өңірінің орталығы – Ханкенді қаласындағы жанармай бекетінде жарылыс болып, 125 адам қаза тапты.

Олардың денесі Арменияның Ереван қаласына жеткізілді. Жарылыстан жараланғандар саны 200 адамнан асты.

Жанармай бекеті Аскеран тасжолында орналасқан. Онда бензин цистерналары жарылған. Қарабақтағы армяндардың адам құқығы жөніндегі уәкілі Гегам Степанян жарылыстан күйіп, жарақат алғандардың көбісінің жағдайы өте қиын екенін айтты. Оның айтуынша, жарылыс Әзербайжанның арнайы операциясынан кейін армян халқы Қарабақтан Арменияға кетіп бара жатқанда болған.

Қазір соңғы мәліметке қарағанда, армяндар бұрын өздері тұрған елдеріне қайтып көшіп жатыр. Олар Армения, Ресей, Сирия, Ливан мен басқа да Таяу Шығыс елдеріне жолға шықты. Ал Қарабақтан Ереванға барған армяндардың саны 19 мыңнан асты. Армениялық БАҚ-тың хабарлауынша, шамамен 20-25 мың армян Қарабақта қалуды жоспарлап отыр. Егер Әзербайжан өңірінде армяндардың саны 20-25 мың болса, Ресей бітімгерлері ол аймақтан кетпейді. Ал Арменияның өзінде Таулы Қарабақтан жаппай көшіп келіп жатқандарға қарсылық басталып кетті.  Ереван мен басқа да қалаларда наразылық күшейіп жатыр.

Көшеге шыққан жүздеген адам ұсталған. 25 қыркүйекте ел астанасында 200 адам қаммауға алынды. Соған қарамиастан халық әлі де протестке шығып жатыр. Олар премьер-министр Никол Пашинян басқаратын Үкіметтің саясатына, Үкімет басшысының өзіне наразы.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді