Алматыда ірі алаяқтықпен айналысқан курьерлер ұсталды

28.09.2023, 17:28
438
Алматыда ірі алаяқтықпен айналысқан курьерлер ұсталды polisia.kz

Алматыда ірі алаяқтықпен айналысқан курьерлер ұсталды.

Алдымен «Киберпол» қызметкерлері мен Медеу аудандық полиция қызметкерлерінің назарына ірі алаяқтық жасап, курьер болып жүрген 35 жастағы әйел ілікті. Алаяқтар Алматы қаласының егде жастағы тұрғынын алдап, 25 мың доллар және 5 мың еуро ақшасын алып кеткен.

«Қаскөйлердің әйелге телефон соғып, өздерін полиция қызметкеріміз деп таныстырып, дәстүрлі сценарий бойынша әрекет етіп, оның қызының жол апатына ұшырағанын хабарлағаны белгілі болды. Олар жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығынды өтеу үшін ірі көлемде ақша талап еткен.

Зейнеткермен кездесуге бірінші болып курьер атын жамылған 35 жастағы әйел барған. Оған әже сұраған соманың бір бөлігін берді. Біраз уақыттан кейін зейнеткерге тағы бір курьер – 23 жастағы жігіт барған. Ол әйелден 3 мың доллар және 5 мың еуро алған. Бұл күдіктіні жедел уәкілдер ұстады. Тінту кезінде одан тағы 3,5 миллион теңгеге жуық ақша табылды. Белгілі болғандай, ол дәл осындай алаяқтықтың құрбаны болған тағы бір зейнеткердің үйінен ақша алып кеткен.

Айта кетейік, күдікті курьерлік қызметі үшін қомақты сыйақы алуды жоспарлаған. Алайда бұл ойы іске аспады. Екі айыпталушы да ұсталып, қамауға алынды», – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.

Ұсталғандардың айтуынша, олар «жұмыс берушімен» интернет арқылы байланыста болған. Дәл осылай «тапсырыс» туралы ақпарат алып отырған. Қаскөйлер өздерінің іс-әрекеттерінің қылмыстық құрамы туралы білетіндерін мойындады. Тергеуді жаңылыстыру үшін олар жасанды шаш қолданып, сыртқы түрін өзгерткен. Алайда бұл әрекеттері сәтті аяқталмады.

Сонымен қатар полиция ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейтінін еске салды.

«Байқамай қалдым»: Алматыда зейнеткер әжені көлік қағып өлтірді Мұхтар Мағауиннің ұлы Мағжан Мағауин дүниеден өтті «Қызым маңдайымен туды, кіндігі үш рет оралған»: ZAQ отбасылық сынақ туралы айтты «Бұл – оның соңғы суреті»: Белгілі КВН ойыншысы қаза болды Израиль Иранды бітім шартын бұзды деп айыптады «Алты баласы қалды, кенжесі бес айлық»: Кішкентай қызды құдықтан құтқармақ болған марқұм бапкер туралы тың ақпарат айтылды Астанада жартылай жалаңаш қыз Министрліктер үйіне қарама-қарсы шатырда би биледі Атырауда ер адам подъезде никабтағы қызды аяусыз соққыға жыққан (ВИДЕО) «Концерттен шеттетті, иіскеуім керек деді»: Әнші Наркенже Серікбаева басшылықты әшкереледі #нетамашалаймыз: TikTok Қазақстанда жергілікті киноиндустрияны қолдау жобасын іске қосты «Бумажный дом» сериалының авторы мен қазақстандық продюсерлердің Netflix-ке арналған жобасы Comic Con Astana фестивалінде таныстырылады Мирзиёевтің үлкен қызы Өзбекстан Президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды Оралда 22 жастағы полицей өз үйінің ауласында суицид жасаған Астаналық экс-депутат вилланың фонындағы сурет үшін БАҚ-ты сотқа беріп, жеңіліп қалды Трамп мәлімдеген бітім күшіне енбей жатып, Иран мен Израиль атысты жалғастырды Құбыр тағы жарылды: Алматыда ыстық су көшеге ақты Перизат Қайраттың соты тікелей эфирде көрсетуі мүмкін Израиль мен Иран арасындағы 12 күндік соғыс тоқтады Еліміздің 18 облысында дауылды ескерту жарияланды Алтынай Жорабаева кісі қайтқан жерге мобилограф ертіп келетін жұлдыздарды сынап тастады