Маңғыстаудағы сарбаздың өлімі: Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр

02.10.2023, 19:28
465
Маңғыстаудағы сарбаздың өлімі: Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр stan.kz

Оймаша полигонындағы сарбаздың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы smartnews.kz сайты Lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Бұл туралы Ақтау гарнизонының бас әскери прокуроры Ерлан Құтқожа айтты.

Ерлан Құтқожа бұл іс бас әскери прокуратура мен Ақтау гарнизоны прокуратурасының ерекше бақылауында екенін айтты.

“Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Өлімнің нақты себебін анықтау үшін кеше марқұмның денесіне сараптама жүргізілді. Сараптаманың қорытындысын күтіп отырмыз. Егер себебі табылса, олардың шығу тегі мен құрамын анықтау үшін қосымша сараптама жүргізіледі", – деді Ерлан Құтқожа.

Ақтау гарнизонының бас әскери прокуроры жарылыс оқу-жаттығу полигонында емес, әскерилердің тұрмыстық қоқыстарды шығарып жатқан арғы жағында болғанын түсіндірді.

"Жарылыс салдарынан тағы бір келісімшарт бойынша әскери қызметші, 2000 жылы туған сержант жараланды. Ол басынан жарақат алды. Қазір ол ауруханада жатыр, жағдайы қанағаттанарлық, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Әскери қызметкердің күйзеліске ұшырағанына байланысты әлі сұхбат алу мүмкін болмады. Тергеу қорытындысы бойынша кінәлілер жауапқа тартылады", – деді Құтқожа. 

Естеріңізге сала кетейік, 30 қыркүйекте Маңғыстауда әскер қатарына шақырылған азамат қаза тапты. 

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды