Ақмола облысында немересі әжесінің жинаған ақшасын ұрлап кеткен

03.10.2023, 09:29
774
Ақмола облысында немересі әжесінің жинаған ақшасын ұрлап кеткен ашық дереккөзден

Ақмола облысында немересі зейнеткердің жинаған қаражатын ұрлап кеткен, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола полицейлері бұрын жасалған қылмысты ашты. 15 қыркүйек күні полиция басқармасына облыс орталығы тұрғынынан ұрлық фактісі туралы өтініші келіп түсті. Ақмолалық тұрғын 2023 жылдың мамыр-қыркүйек айлары аралығында өзіне тиесілі депозиттен 1 миллион 340 мың теңге сомасында ақшалай қаражат жоғалғанын хабарлады. Істі тексеру үшін қарт әйел полицияға жүгінді.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Көкшетау қаласы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері ақшаның жоғалуына жәбірленушінің уақытша жұмыс істемейтін немересінің қатысы барын анықтады.

Жас жігіт зейнеткердің мобильді қосымшасымен, оған телефон нөмірін қосып, жәбірленушінің ақшасын өз шотына ішінара аударғаны белгілі болды. Ол ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсап үлгерген.

Полиция басқармасы осы фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Болған оқиғаның барлық жағдайлары анықталып жатыр.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды