Ақтөбеде үш апталық нәрестені шайханаға тастап кеткен әйел ата-ана құқығынан айырылады

03.10.2023, 10:22
495
Ақтөбеде үш апталық нәрестені шайханаға тастап кеткен әйел ата-ана құқығынан айырылады Видеодан алынған кадр

Ақтөбеде үш апталық сәбиін шайханаға тастап, ішімдік ішуге кеткен 31 жастағы әйел ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы smartnews.kz сайты КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Полиция мәселені комиссияда қарау үшін құжаттарды дайындауда.

Үш апта бұрын ғана қызын дүниеге әкелген Ақтөбе тұрғыны орталық базардағы шайханада жаңа туған нәрестесін тастап кеткен. Бірнеше минуттан кейін ораламын деп сендіріп, қайта келмеген.

Нәтижесінде бала полицияға тапсырылды. Қауіпсіздік қызметкерлері анасын тапты. Ол жолда таныстарын көріп, олармен алкоголь ішуге кеткенін түсіндірді. Енді әйел ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін.

“Әйелге әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабы, 1-бөлігі “Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау” бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Ол профилактикалық есепке алынды”, – деп мәлімдеді Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің басшысы Ерболат Сарқұлов.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды