"Қан құйғызудан бас тарту салдарынан көз жұмған көкшетаулық сәби": ІІМ оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді

03.10.2023, 14:45
654
"Қан құйғызудан бас тарту салдарынан көз жұмған көкшетаулық сәби": ІІМ оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді canva.com

Ақмола облысында сәбиіне қан құйғызудан бас тартқан ата-аның әрекетіне қатысты Ішкі істер министрлігі түсінктеме берді.

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев 2 жасқа толмаған бүлдіршіннің көз жұмуына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатқанын айтты. 

"Бұл дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Оның нәтижесі бойынша дәрігерлердің және ата-ананың әрекеттеріне баға берілетін болады. Бастапқы деректерге сәйкес, баланың ата-анасы белгілі бір діни ағымды ұстанады. Сол себептен олар қан құйғызуға қарсылық білдірген. Өлімнің себебін анықтайтын сот-медициналық сараптама тағайындалды", – деді Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев. 

Марат Қожев  осы оқиғадан соң "адам өлімі" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

Еске салайық, бұған дейін Көкшетауда екі жасар сәбиін діни сенімдеріне байланысты ата-анасы емдеуге рұқсат бермеген. Олардың қан құйғызудан бас тартуы салдарынан бүлдіршіндері көз жұмған еді. 

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды