756

Ақтөбеде 9-сынып оқушысын көлік қағып кетті

Ақтөбеде жол апаты салдарынан 9-сынып оқушысы ауыр халде ауруханаға түсті.

Ақтөбеде 9-сынып оқушысын көлік қағып кетті
canva.com

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, бүгін Қарғалы тұрғын алабының 3-шағын ауданында кәмелетке толмаған жаяу жүргіншінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болған.

Lada Granta автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан 2008 жылы туған қызды қағып кетті, – делінген полиция хабарламасында.

Полиция департаменті жүргізушілерді жолдарда, әсіресе, оқу орындарының жанында мұқият болуға шақырады.