508

Павлодар тұрғыны әйеліне тіл тигізген танысын пышақтап тастаған

Павлодарда әйеліне тіл тигізген танысын пышақтаған ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Павлодар тұрғыны әйеліне тіл тигізген танысын пышақтап тастаған
Tengrinews.kz

Іс облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.

Биыл сәуірде қаладағы көшелердің бірінде ер адам танысының әйеліне тіл тигізген. Әйелдің күйеуі ашуланып, танысын 3 рет пышақтаған. Салдарынан ол көп қан жоғалтып, оқиға орнында көз жұмған.

Сотта айыпталушы өз кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтқан.

Судья жазаны жеңілдететін және ауырлататын жағдайды ескеріп, ер адамды Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі бойынша 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды, - деп жазылған хабарламада.

Үкім заңды күшіне енбеді.