«Балаң өседі және бәрін ұмытады»: 7 жасар бала зорланған мектеп директоры түсініктеме берді

05.10.2023, 14:41
5010
«Балаң өседі және бәрін ұмытады»: 7 жасар бала зорланған мектеп директоры түсініктеме берді canva.com

Алматы халықаралық мектебінің директоры Ирина Логинова бірінші сынып оқушысын зорлау жағдайына түсініктеме берді, деп хабарлайды Orda.kz сайты. Директордың айтуынша, баланың анасы жалған ақпарат берген. Осы жағдайдан кейін мектепке қауіп төніп тұрғанын жеткізді.

«Бізде 67 камера бар, барлығы жұмыс істейді. Баланы мектепке әкелген сәттен бастап бақылауға болады. Және бүкіл мектепте,  киім ауыстыру бөлмесінде зорлау фактісі  расталмады және расталмайды деп үміттенеміз. Біздің білім беру мекемесіне қандай да бір түрде қатысы бар адамдардың ешқайсысы күдікті деп жарияланбаған. Тек дәретханалар мен қоймаларда камералар жоқ. Бірақ камералар жуынатын бөлмелерге бағытталғанын, олардың жанында тазалаушылар кезекшілік ететінін, кіші және жоғары сынып оқушыларына арналған дәретханалар ғимараттың әртүрлі қанаттарында орналасқанын және қоймалар әрқашан кілтпен жабылатынын атап өткен жөн», — деді директор.

Ал жәбірленушінің анасы Айсұлу ғимараттағы барлық бөлмелерді тексеріп,  басқа ата-аналармен бірге олар мекемеде әлі де камера жоқ  жерлер бар екенін анықтағанын айтты.

«Бүкіл аумақтың 50%-ында камера жоқ. Мұның бәрін қалай бақылауға болады? Сонымен қатар мен 15-тен астам камерасыз кеңістікті таптым. Осы бөлмелерді тексергеннен кейін директор маған  жақындап, иығымнан ұстап,  «сенің ұлың бәрін ұмытады, бұл мектепте ештеңе болған жоқ, бәрін ұмытып, баланы әкел, мектепте оқи берсін деді», — дейді.

Директор мұны жоққа шығарды.

«Бұл өтірік, басқаша болды. Ата-аналар жиналысынан кейін мен ол кісіге: «әрине, бұл сіз қазір бастан кешіп жатқан қорқынышты трагедия. Қалай ойлайсыз, баланың атын көпшілік алдында айту керек пе еді? Себебі тіпті полицияның өзі бізге тек инициалдарды жіберді», — деген едім, ол маған жауап ретінде: «Ештеңе етпейді, бала өседі және бәрін ұмытады» деді», — деп жауап берді.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды