Алматы облысында туристер мінген автобус УАЗ автокөлігімен соқтығысты
Көлік апатынан 1 адам қаза болды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.
5 қазанда сағат 14.26-да Алматы облысындағы таулы автожолда жолаушылары бар автобус пен УАЗ автокөлігі соқтығысқан.
Жол көлік оқиғасы салдарынан 1 адам қаза тауып, 33 адам зардап шекті.
Жол көлік оқиғасы орнына Алматы қаласы бойынша ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы филиалының «Шелек» ТМҚП шұғыл ден қою бригадасы жіберілді.
«Шелек» ТМҚП бригадасы зардап шеккен 12 адамға медициналық көмек көрсетіп, кейіннен Шелек ауылының ауруханасына жеткізді.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші