Үкімет Павлодар облысының кәсіпкерлеріне сүт фермаларын салуға 5 млрд теңгеге дейін несие берілмек

07.10.2023, 14:34
751
Үкімет Павлодар облысының кәсіпкерлеріне сүт фермаларын салуға 5 млрд теңгеге дейін несие берілмек pixabay.com

Несиені 2,5%-бен 10 жылға дейін рәсімдеуге болады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты @Pavlodarnews.kz сілтеме жасап.

ҚР Премьер-министрі сайтының мәліметінше, несиенің ең жоғарғы сомасы – 5 млрд теңгеге дейін.

Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен Үкіметте өткен кезекті кеңесте Агроөнеркәсіптік кешенді қолдау жөніндегі үлкен жобаның іске асырылу барысы қаралды. 

Аталған жоба СҚО-ның тауарлы сүт фермаларын салу жөніндегі оң тәжірибесін еліміздің басқа өңірлерге таратуға бағытталған. Тамыз айындағы осы мәселе бойынша өткен соңғы кеңестен бері өңірлерде Үлкен жобаны бастауға қатысты жұмыстарда едәуір ілгерілеушілік бар. 2023 жылғы 31 тамызда АӨК саласындағы жобаларды несиелеу қағидалары қабылданды. Бұл сенімді агенттер арқылы 2,5%-бен 10 жылға дейін несие рәсімдеуге мүмкіндік береді. Несиенің ең жоғарғы сомасы – 5 млрд теңгеге дейін.

Үлкен жобаға қатысатын 11 облыстың сегізі ӘКК атынан сенімді агенттерді анықтады.  Тағы үш өңір – Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарын анықтау үшін конкурстық рәсімдер жүргізуде. 

Абай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары 34 млрд теңге көлемінде несиелеу қаражатын алды. 

Қазан айында тағы бес өңірге – БҚО, Алматы, Қостанай, Павлодар, Түркістан облыстарына 52 млрд теңге аудару жоспарлануда.

Мемлекеттік органдар мен «Атамекен» ҰКП бірлесіп, жобалардың әлеуетті пулын, оның ішінде өтініш беруші кәсіпорындардың бизнес тұрақтылығы тұрғысынан талдады. Жұмыс жаңа бағдарлама шеңберінде бюджет қаражатын жұмсаудың іске асырылуы мен тиімділігін бақылау үшін мемлекеттік органдар, бизнес және әкімдіктер арасында салааралық интеграция құру туралы вице-премьердің тапсырмасын орындау шеңберінде жүргізіледі. 

Талдау қорытындысы бойынша кейбір жобалар алынып тасталды, ал әкімдіктерге 2024 жылдан бастап іске асыруға толық дайын және Бағдарлама талаптарына сәйкес келетін жобалардың сапалы тізбесін енгізу тапсырылды. Талдаудың қорытынды нәтижелерін келесі кеңесте қарау туралы шешім қабылданды.

Үлкен жоба 5 жылға есептелген. Тауарлы сүт фермаларының (400 бастан бастап), көкөніс қоймаларының (1000 тоннадан бастап), ет бағытындағы құс фабрикаларының (жылына 5000 тоннадан бастап), суармалы егіншіліктің, етті мал шаруашылығының құрылысын қамтиды. Бірінші кезеңде, яғни 2023 жылы оны іске асыруға 100 млрд теңге бөлінді. Осы қайтарымды қаражатқа 65 тауарлы сүт фермасы салынады. Салынған фермалар толық қуатына шыққан кезде Қазақстанда сүт өндірісі 322 мың тоннаға ұлғаяды. Екінші кезеңге, яғни 2024 жылға да 100 млрд теңге бөлінді.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді