Израиль ресми түрде "соғыс жағдайы" режимін енгізді

09.10.2023, 09:15
1019
Израиль ресми түрде "соғыс жағдайы" режимін енгізді runews24.ru

Израиль билігі елде "соғыс жағдайы" режимін енгізу туралы шешім қабылдады. Бұл ендігі жерде ауқымды әскери операциялар жүргізілетінін білдіреді. Бұл жөнінде елдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың канцеляриясы мәлімдеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

— Израиль мемлекетіне қарсы соғыс кеше 06:00-де (сенбі, 7 қазан, 2023 жыл) Газа секторының қанқұйлы террорлық шабуылдарынан басталды, —делінген хабарламада.

Канцелярияның нақтылауынша, шешім "соғыс жариялау немесе ауқымды әскери іс-әрекеттерді бастау" кезінде құқықтық шеңберді айқындайтын "Басты заң: Үкімет" деп аталатын құжаттың 40-бабының негізінде министрлер кабинетінің рұқсаты арқылы қабылданды. 

Еврей халқында бұл заң Конституцияның орнына жүретін басты заңдардың бірі саналады, себебі бұл елде нақты Конституцияның өзі жоқ, тек орнына қолданылатын негізгі заңдар мен түрлі құқықтық құжаттар бар. 

Еуропалық Одақ Хамастың Израильге шабуылын айыптады. 

«Еуропалық Одақ шиеленіскен жағдайды одан сайын ушықтырып, Палестина халқының бейбіт өмірге деген үмітін үзетін мән-мағынасы жоқ шабуылдар мен зорлық-зомбылықты дереу тоқтатуға шақырады. Еуропалық Одақ бүгінгідей бей-берекетсіз, аяусыз жасалған шабуылдар жағдайында өзін халықаралық заңдарға сәйкес қорғауға құқы бар Израильді қолдайды» делінген хабарламада.

Бүгін Қазақстанның Тель-Авивтегі Елшілігі Қазақстан азаматтарына Израильде қалыптасқан жағдайға байланысты үндеу жасады.

«Қауіпсіздік саласы бойынша жағдайдың шиеленісуіне байланысты Қазақстанның Израильдегі Елшілігі Қазақстан азаматтарына (нақтырақ айтқанда елдің оңтүстігіндегілерге) тылдағы Басшылықтың бұйырығын орындап, қауіпсіз жерге тұрақтап, ол жерден ресми билік өкілдерінің хабарлауынсыз ешқайда шықпауға кеңес береді» делінген хабарламада.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді