Хиджаб киіп жүрген оқушылар мектепке бармай жүр ме - Оқу-ағарту министрі жауап берді

10.10.2023, 13:05
924
Хиджаб киіп жүрген оқушылар мектепке бармай жүр ме - Оқу-ағарту министрі жауап берді primeminister.kz

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев хиджаб киіп жүрген оқушы қыздардың мектепке бармай жүргені туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

Үкімет отырысынан кейінгі брифингте БАҚ өкілдері министр Бейсембаевқа "Атырау облысында 150 қыздың мектепке бармай жүргені туралы ақпарат тарағанын айтты. Себебі, оларды хиджаб кигендіктен, мектепке кіргізбейді деген мәліметті келтірді. Журналистер "осындай жағдай өзге аймақтарда бар ма?",- деп сауал жолдады.

Ғани Бейсембаев ақпаратты теріске шығармады. Оның айтуынша, жаңа оқу жылы басталған кезде хиджап киген оқушы қыздардың саны 150-ден де көп болған.

Министр олардың ата-анасымен түсіндіру жұмысы жүргізілгенін атап өтті.

"Мектеп балалардың сапалы білім мен тәрбие алуға арналғанын жақсы білесіздер. Сондықтан ата-аналар түсініп, қабылдай бастады. Қазіргі уақытта бұл мәселе шешілді. Мендегі ақпаратқа сәйкес, басқа өңірлерде орамал тағатын оқушылар жоқ", — деп жауап берді министр.

БАҚ өкілдері мектепке хиджаб киіп баратын оқушылар елімізде қалмады деп дерек келтірген министрден, нақтылап сұрады.

"Басында проблема болды. Бүгінде бұл проблема толығымен шешілді. Ата-аналар мектептің ең бірінші міндеті — сапалы білім мен тәрбие беру екендігін түсіне бастады. Бір-бірін шатастырып алмауға тиіспіз", — деді Ғани Бейсембаев.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды