Сауда-саттық: Ауғанстан Қазақстанмен жақындасып жатыр

11.10.2023, 10:50
588
Сауда-саттық: Ауғанстан Қазақстанмен жақындасып жатыр ortcom.kz

Бізге қол созым жердегі Ауғанстанда ауыр зілзала жүріп, екі жарым мыңдай адам опат болды.

Қатты зардап шеккен аймақ – Ауғанстанның батысындағы Герат қаласы. Онда 500 мыңға тарта халық тұрады. Бұл қала жермен жексен болды деуге келеді. Үйінділердің астынан адамдарды құтқару жұмысы жүріп жатыр. Тоғыз мыңға тарта адам ауруханаға түскен. АҚШ Геологиялық қызметі зілзаланың күші 6,3 балға жеткенін айтты. Гератта және оның айналасында 1 мың 300-ден астам үй қирап қалды.

Өзге елдердің қатарында Қазақстан да ауғандықтарға қол ұшын созып жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Ауғанстанға құтқарушылар жіберу туралы шешім қабылданған. Қазақстандық құтқарушылар зілзаладан қатты зардап шеккен қала маңындағы 4 елді мекеннің тұрғындарына көмек көрсетуге кірісті. Оған қоса гуманитарлық көмек жөнелтілді.   

Ауғанстанға көмекке республикалық жедел құтқару жасағының мамандары, кинологтар мен дәрігерлер аттанды.  45 адам мінген Ил-76 жүк ұшағы Алматы әуежайынан шықты. Бортта құтқару техникалары, иіс алғыш қызметтік иттер, қажетті жабдықтар және 1 тоннадай дәрі-дәрмек бар. Жасақтың құрамындағылардың бірқатары Түркиядағы зілзаланың салдарын жоюға қатысып, тәжірибе алған.

Жалпы Қазақстанның Ауғанстанмен байланысы бұрыннан жаман емес. Қазіргі тәлібтердің үкіметімен де әріптестік орнатылды. Ауғанстан астықты сырттан алады. Соның ішінде Қазақстан астығы үшін Ауғанстан үлкен нарық. Өз кезегінде Ауғанстан да Қазақстанның нарығына шыққысы келеді. Жақында ғана Астанада Ауғанстанның тауар өндірушілерінің көрмесі өткен еді. Көрмеге Ауғанстанның 70-тен астам компаниясы өздерінің тауарларын алып келді. Өздеріне жараса өнеркәсіп оларда да бар екен. Ауғандықтар әлемдік нарықта шафран шайымен белгілі. Оның бір келісінің құны 5 мың АҚШ долларына дейін барады. Ауғанстан фермерлері жылына 4 тонна шай жинайды. Айтпақшы, шафран шайы негізінен кеше зілзаладан қираған Герат провинциясында өсіріледі. Одан бөлек кептірілген жеміс, парсы кілемі, зергерлік бұйымдар, құрылыс, тұрмыстық және өнеркәсіптік химия, азық-түлік өнімдері өндіріледі. Ауғанстан кәсіпкерлерінің айтуына қарағанда, кілемдер қойдың және қозының жүнінен қолдан тоқылады. Бір кілемді тоқуға 3 айдан астам уақыт қажет. Көлемі 2 де 3 метр кілемді 3 адам 7-8 ай тоқиды екен. Бір кілем 2 мың долларға дейін бағаланады. Ауғандықтар қымбат тастарды өндіреді және зергерлік бұйымдарды жасайды.

Көрмемен қатар Қазақстан-Ауғанстан бизнес-форумы да өткізілді. Қазақстан мен Ауғанстан өзара тауар айналымын 3 миллиард долларға жеткізуге мүдделі екені айтылды. Қазір бұл көрсеткіш 1 миллиард доллар болып отыр. Екі ел арасында 2023 жылдың алғашқы жартысында 343,6 миллион долларға сауда-саттық жасалған. Сауданың едәуір бөлігі қазақстандық экспортқа тиесілі. Астанада өткізілген алғашқы Қазақстан-Ауғанстан бизнес-форумында құны 190 миллион доллардан асатын келісімге қол қойылды.

Мысалы, Қазақстаннан ай сайын 500 мың тонна бидай және 30-40 вагон күнбағыс майын тасымалдау келісілген. Жалпы Ауғанстан транзиттік мемлекет ретінде де Қазақстан бизнесмендері үшін өте тартымды ел болып отыр. Ауғанстанның ар жағында  Пәкістан, Үндістан және Парсы шығанағы елдерінің нарығы жатыр. Қазақстанның сыртқа шығаратын ұнының 70 пайыздан астамын Ауғанстан сатып алып отыр. 40 миллион халқы бар Ауғанстан бүгінде инвесторларға зәру. Бұл елде өнеркәсіп саласында игерілмеген көптеген жобалар бар. Минералды ресурстарға бай мемлекетте алтын, күмістен бастап түрлі асыл тастар өндіруге болады.

Қазақстаннан Ауғанстанға барып бизнесін жүргізіп жатқан адамдар да бар. Бұқаралық ақпарат құралдарында Солтүстік Қазақстан облысының тумасы бүгінде Ауғанстанда кәсібін дөңгелентіп жүргені жайлы айтылды. Рүстем Смағұлов деген азамат Ауғанстанда кен орнын сатып алған екен. Қымбат тастарды өндіреді, кен орнында көптеген жергілікті тұрғын жұмыс істейді.  Былайша айтқанда қазақ азаматы ол жаққа инвестор болып барған. Өзі төрт бөлмелі пәтерді айына 200 долларға жалдап тұрады екен. Аспазы, үй қараушысы, көлік жүргізушісі деген сияқты қызметкерлері және он тәлібтен тұратын қарулы жеке күзеті де бар. Ауғанстан үкіметі оған сары куәлік берген. Мұндай куәлікпен Рүстем Смағұлов Ауғанстанның кез-келген жерінде еркін жүреді. Құжат тексерген тәлібтер куәлігін көргенде жайына қалдырады. Оның Қытайда және Малайзияда да бизнесі бар екен.  Ол жақтағы бизнесі Ауғанстанда өндіріп жатқан қымбат тастарымен байланысты. Өзі Ауғанстанға салық төлейді, кәсібі де сол елде тіркелген.

Қысқасы, кешегі зілзаладан қатты зардап шегіп, мыңдаған адамынан айырылған Ауғанстанның Қазақстанға қатысты осындай экономикалық мықты байланысы бар. Ел аман, жұрт тыныш болсын.    

Жігер Ауыпбаев әйелімен ажыраса сала бір қызға қатты ғашық болғанын айтты Журналист Мысырда қаза тапқан Ақмарал Мұқанова туралы айтып берді Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды Каспий теңізінде жер сілкінісі болды Антикор Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізіліп жатпағанын айтты «Бір қоңыраумен-ақ соғысты тоқтатамын»: Трамп Путин мен Зеленскийге хабарласпақ Бүгін ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО)