Әлеуметтік желіде танысқан қызымен кездескен: Ақтөбеде жоғалып кеткен жасөспірім Павлодардан табылды

12.10.2023, 14:22
921
Әлеуметтік желіде танысқан қызымен кездескен: Ақтөбеде жоғалып кеткен жасөспірім Павлодардан табылды canva.com

Ақтөбеде жоғалып кеткен жасөспірім Павлодардан табылды. Ол интернет арқылы сөйлескен қызымен кездесуге барған, алайда ата-анасына ескертпеген, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап

10 қазанда Павлодар жедел уәкілдері Ақтөбе қаласының 17 жастағы тұрғынының жоғалғанын анықтап, іздестірді. Ол 5 қазанда үйден кетіп қалған, оның қайда жүргені белгісіз болды.

Жасөспірім әлеуметтік желілерде қызбен танысып, оған Павлодарға барған. Алайда ата-анасына ескертуді ұмытып кеткені белгілі болды. Кейінірек ол ескертпей кетуіне тек сүйіктісімен кездесіп, серуендегісі келгені себеп болғанын түсіндірді.

– Қазір кәмелетке толмаған бала Павлодар қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау өңірлік орталығына орналастырылды, онда ата-анасы келгенге дейін болады, – дейді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, осы жылдың басынан бері Павлодар облысының полиция қызметкерлері жоғалған 57 азаматты хабарсыз кеткен деп жариялады. Қабылданған шаралармен 47 іздестіріліп, туыстарына қайтарылды.

– Әрбір өтініш бойынша полиция қызметкерлері орналасқан жерін анықтау бойынша шаралар қабылдайды. Тергеу-жедел тобы адам туралы жалпы мәліметтерді белгілейді: жасы, бойы, салмағы, дене бітімі, шаш пен көздің түсі, киімі, ұялы телефон нөмірлері, достары мен әріптестерінің аясы және т.б., ауруханалар, мәйітханалар және басқа да арнайы мекемелер тексерілді. Балаларды іздеген кезде ювеналды полиция инспекторларымен бірлесіп сыныптастарының, достарының аясы, сауда үйлері, компьютерлік клубтар тексеріледі. Еріктілер ұйымдары қосылады, – дейді полиция.

Жасөспірімдердің үйден кету себептері – өтпелі кезең, наразылық, махаббат. Сонымен қатар, отбасындағы ұрыс-керіс баланың жеке басына үлкен әсер етеді және оның туған үйінен кетуіне себеп болуы мүмкін. Кәмелетке толмағандар заңды бұзған кезде ата-аналарына жағдайды қалай түсіндіру керек екенін білмейді.

Романтика ма, дарақылық па? Тойға қайықпен кірген зейнеткерлер жұрттың мазағына айналды (ВИДЕО) Гүлзира Айдарбекова Астанадан сауда үйін ашқалы жатыр Имам қажылық үшін несие алу күнә екенін айтты Халыққа 350 келіден астам есек етін жеткізбек болғандар ұсталды «Уасилә, Христос, Тектұрмасжан»: Елімізде балаларға арналған сирек кездесетін есімдер тізімі жасалды Алматыдағы психдиспансерден екі адам қашып кетті Күйеуінің қолынан қаза тапқан марқұм әйелді мазақ еткен блогер жазаланды «АстраЗенека» және Ұлттық ғылыми онкология орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды Ер адам мешіттен Құран ұрлап кетіп, оны өртеп жіберген Қазақстанға тағы бір циклон жақындап келеді «Өкпесі қара қазандай»: Илон Маск Трамптың жаңа заң жобасын «жиіркенішті» деп атады Құрбан айтта ХҚКО-лар қалай жұмыс істейтіні белгілі болды Алматыда сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды Салыққа тоймаған Трамп енді болат пен алюминий импортына баж салығын екі есеге арттырды Алмасбек Садырбайға 1,2 млрд теңге жымқырды деген айып тағылды Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев 11 жыл 6 айға сотталды Астанадағы «7 бочек» кешенінде болған өрттен кейін тұрғындар уақытша қонақүйлерге орналастырылады Қазыбек Нөгербек алғаш рет классикалық шахматтан Қазақстан чемпионы атанды Газадағы көмек пунктіне шабуыл: 27 палестиналық көз жұмды, ондаған адам жараланды Ақбота Керімбекова ұлының үйлену тойын үйінің ауласында өткізді (ВИДЕО)