Ауылына қонаққа барған ақтөбелік өзгенің көлігін ұрлап кеткен

19.10.2023, 10:25
621
Ауылына қонаққа барған ақтөбелік өзгенің көлігін ұрлап кеткен polisia.kz

Ауылына қонаққа барған ақтөбелік өзгенің көлігін ұрлап кеткен, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алға ауданының полиция бөліміне 31 жастағы азамат Ваз-2110 автокөлігінің ұрланғаны туралы арызданды. Есет батыр ауылының тұрғыны көлігін түнде аула сыртына қойып, таңертең орнынан таппай қалған.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті ретінде Ақтөбе қаласының 36 жастағы жұмыссыз тұрғыны анықталып, ұсталды.

Автокөлік иесіне қайтарылды. Анықталғандай, сол күні күдікті ауылға қонаққа барған және алкогольдік ішімдік ішкен. Ақтөбе қаласына қайтуға такси таппаған ол таңға жуық көшеде тұрған Ваз-2110 автокөлігін байқаған.

Аңғал көлік иесі көлігінің есігін бекітпей, кілтін де ішінде қалдырған. Бұл күдікті үшін оңай олжа болған.

Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабының 1-бөлігімен (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз айдап кету) қозғалған қылмыстық іс аясында тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Берген садақамды да есептеген»: Ләйлә Сұлтанқызы комитет алдында табысы туралы есеп берді Трампқа ерегескен Қытай Hollywood фильмдерінен бас тартпақ «Жақында өмірге бір бөпе келеді»: Айгүл Иманбаева қуанышты хабарын жеткізді Гүлзира Айдарбекова туған күнін Вьетнамдағы вилласында қарсы алды «Күнде хабарласады»: Блогер Айжан Байзақова өзіне қайын атасы маза бермейтінін айтты Сәкен Майғазиев ұлының сүйіктісі барын әлеуметтік желі арқылы білгенін айтты «Ешқашан өштескен емеспіз»: Алматыда 45 жастағы әйелді құдасы дубинкамен көшеде ұрып кеткен Magnum халықтан кешірім сұрады (ВИДЕО) АҚШ-тың Украинадағы елшісі жұмыс орнын босатты Шерзат Болатты қалай өлтіргенін прокурор ретімен айтып берді Мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған бір топ адам ұсталды «Зауыт салу керек еді»: Абай Бегейдің қызы Ақтауда құны 20 млрд теңге тұратын мейрамхана ашты Қазақстанда Ислам даму банкінің қолдауымен 4 жаңа су қоймасы салынады Атыраулық үш жасар бүлдіршін Президенттен алғыс алды Құлсары маңында тағы да жер сілкінді «4 отадан аман-есен өттім»: әйгілі Ника Нетт бет-әлпетін өзгертті Жанар Айжанова сынған сүйекті емдеудің жолын тапты Шерзаттың үйін өртегендерді анықтау үшін ресейлік спутник қолданылмақ Түркістанда ер адам бұрынғы әйеліне пышақ тақап, басқа қалаға қорқытып алып кеткен Ақтауда ер адам балаларды пышақпен қорқытқан (ВИДЕО)