Қарағанды облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты

19.10.2023, 12:50
677
Қарағанды облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты polisia.kz

Қарағанды облысында жол апатынан 3 адам көз жұмды, деп хабарлады smartnews.kz сайты.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, қайғылы оқиға Қарағанды – Балқаш тас жолында болған.

19 қазанда сағат 02:00 шамасында Қарағанды облысының Шет ауданында, Қарағанды – Балқаш тас жолының Ақжал кентінен 10 шақырым жерде Chevrolet Cobalt автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі Қарағандыдан Балқашқа қарайғы бағытта, алдын ала болжам бойынша, ұйықтап кетіп, жолдың қарсы бағытына шығып кеткен. Артынша 47 жастағы азаматтың басқаруындағы Mercedes Actros жүк көлігіне соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Chevrolet Cobalt автокөлігінің жүргізушісі мен оның 2 жолаушысы оқиға орнында қаза тапты, – деді Шет аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Қуаныш Қажкеров.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Полиция қызметкерлері көлік жүргізушілерге жылдамдықты шектен тыс асырмай, жолдың қарсы бағытына шықпауға кеңес береді.

Сондай-ақ түнгі уақытта жол жүргенде ұйқы келген жағдайда тынығып, демалғаннан соң жол жүру керектігін ескертеді.

«Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды Доллар, еуро, рубль: 14 мамырдағы айырбас бағамы қандай Шаңды дауыл, үсік пен найзағай: елде ауа райы күрт бұзылады