Жігіттер қоршап алып, тиісе бастады - Алматыда автобуста болған жағдай бойынша кінәлілер жазаланды

19.10.2023, 19:39
560
Жігіттер қоршап алып, тиісе бастады - Алматыда автобуста болған жағдай бойынша кінәлілер жазаланды Бейнежазбадан

Желіде қазан айының басында 22 жастағы алматылық қызға автобуста бір топ жігіттің тиіскені көрсетілген видео тараған еді. Аталған іс бойынша сот отырысы өтіп, кінәлілер жауапқа тартылды.

3 қазанда Кәусар Дағделен есімді қыз 118-маршрутпен үйіне қайтып бара жатқан. Абай-Әуезов қиылысында автобустың жартылай бос болғанына қарамастан бір топ жігіт кіріп, қызды жан-жақтан қоршап алған.

"Олар менің иығым, белім, жамбасым, шашым, сөмкем, қолым және мойынымнан ұстады. Сосын біреуі арқа жағыма келіп, тұтқадан ұстады. Сосын мен телефонымды шығарып, түсіре бастадым. Алайда олар қорықпай, күліп, мазақ ете бастады. Автобуста басқа да жолаушылар болды, олар бәрін анық көрді", - деді қыз.

Автобуста орын алған резонансты жағдай "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша сараланды.

"Алматы қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты С.-ға қатысты ұсақ бұзақылық (ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі) бойынша әкімшілік істі қарады. Сот отырысында С. іс материалдарын ұсынып, жасаған әрекетіне өкінді. Сот қаулысымен С. Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген істі жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған әкімшілік айыппұл түріндегі сомасы 48 300 теңгені құрайтын әкімшілік жаза тағайындалды", - деді сот.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды