Өзіңізді банкрот деп қалай жариялау керек?

20.10.2023, 13:48
1198
Өзіңізді банкрот деп қалай жариялау керек? ашық дереккөзден

Елорданың коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жеке тұлғалардың банкроттық рәсімінің ерекшеліктері туралы Астана бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің берешекпен жұмыс басқармасының басшысы Исабек Зауытбекұлы айтып берді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Банкроттық рәсімдерінің үш түрі бар: соттан тыс банкроттық, сот және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру.

Соттан тыс банкроттықты тек банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздар бойынша қолдануға болады. Оның шарттары мынандай:

- қарыз 5,5 млн теңгеден (1600 АЕК) аспайды;
- 12 ай ішінде өтеу жоқ;
- тіркелген мүлік, оның ішінде ортақ меншіктегі мүлік жоқ;
- банкпен реттеу жүргізілді.

6 ай ішінде атаулы әлеуметтік көмек алушылар мен 5 жылдан астам берешегі өтелмейтін азаматтар үшін ерекше жағдайлар қарастырылған. Соттан тыс банкроттық «электрондық үкімет» порталында басталады. Содан кейін ақпараттық жүйе арқылы борышкердің кіріс критерийлеріне сәйкестігі тұрғысынан мемлекеттік органдардың деректерімен автоматты түрде салыстыру жүргізіледі.

Сот банкроттығы барлық кредиторлар алдында 1600 АЕК-те (5,5 млн теңге) астам борыштар бойынша жүзеге асырылады. Өтінішті борышкер азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотқа жазбаша түрде немесе электрондық құжат нысанында береді. Процедуралар 6 айдан 12 айға дейін созылады. Сот банкроттығының мақсаты банкроттың мүліктік массасы есебінен кредиторлардың талаптарын барынша қанағаттандыру болып саналады.

Егер жалғыз тұрғын үй кепіл заты болып саналса, онда кредитор оны сот банкроттығы кезінде алып қоюға құқылы болады, әйтпесе ол оны талап ете алмайды.

Қалған өтелмеген сома борышкердің жосықсыз белгілері болмаған жағдайда есептен шығаруға жатады (мүлікті немесе ол туралы ақпаратты жасыру, жалған ақпарат беру және т.б.).

Сот банкроттығы рәсімін және төлем қабілеттілігін қалпына келтіруді құрамына кіруге құқылы қаржы басқарушылары жүзеге асырады:

- заңды тұлғалар мен ЖК банкроттық рәсімін жүзеге асыратын әкімшілер;
- кәсіби бухгалтерлер;
- заң кеңесшілері;
- аудиторлар.

«Барлық борышкерлер қаржы басқарушыларының қызметтерін төлей алмайтынын назарға ала отырып, заң жобасында мүлкі жоқ халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын адамдарға мемлекет есебінен төлем көзделген. Тағы бір рәсім – бұл төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, сотта 5 жылға дейін қарызды төлеуге бөліп-бөліп төлеу мүмкіндігін қарастырады.

Оның артықшылығы – адам «банкрот» статусын ала алмайды. Сондықтан оған банкрот үшін көзделген салдарлар қолданылмайды», - дейді Астана бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің берешекпен жұмыс басқармасының басшысы Исабек Зауытбекұлы.

Банкроттықтың салдары қандай?

1) 5 жыл ішінде қарыздар мен кредиттер алуға тыйым салу (ломбардтардың микрокредиттерін алудан басқа);
2) қайта банкроттық 7 жылдан кейін ғана мүмкін болады;
3) банкроттықтан кейін 3 жыл ішінде банкроттың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізілетін болады.

Алимент бойынша, басқа адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша залалды өтеу жөніндегі борыштар, сондай-ақ сот шешімі бойынша өндіріп алынатын бюджетке төленетін төлемдер есептен шығаруға жатпайды.

Еске сала кетсек, 2023 жылғы 3 наурыздан бастап Қазақстанда жеке тұлғалардың банкроттығы бойынша өтініштерді қабылдау басталды.

Басқа да маңызды жаңалықтар Telegram арнамызда!

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды