Қазақстанда жүргізуші куәлігін алуға арналған емтиханға жаңа ережелер енгізілді

26.10.2023, 14:43
983
Қазақстанда жүргізуші куәлігін алуға арналған емтиханға жаңа ережелер енгізілді canva.com

Қазақстанда арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарында жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық емтихандарды тапсыру ережесі өзгерді.

Енді теориялық емтиханды арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері қабылдайды.

Емтиханды ұйымдастырып, технологиялық қамтамасыз етуді мемлекеттік корпорация жүзеге асырады. Бұрын бұл жұмыстарды аутсорсинг компаниялары жасайтын.

Бұл бастама қазақстандықтардан сапасыз қызмет көрсету туралы шағымдардың жиі түсуінен соғ қаюбылданған. Корпорацияның айтуынша, бұл өзгеріс тестілеудің сапасын ғана емес, қауіпсіздігін де жақсартады.

Сонымен қатар, бұрын теориялық тестілеу Жол қозғалысы ережелері 2.0 жүйесі арқылы жүзеге асырылған еді. 16 қазаннан бастап мемлекеттік корпорация жол қозғалысы ережесінің жаңа 3.0 жүйесіне көшпек.

"Теориялық емтихан тапсыру кезінде тестілеу үдерісін аудио-бейне жазбаға түсіру мүмкіндігі енгізілді. Жеке тұлғаны биометриялық сәйкестендіру де жүргізіледі. Сонымен қатар, мемлекеттік корпорация бұған дейін емтихан қабылдау бөлмелеріне бейнебақылау енгізген болатын. Бұл ретте кез келген адам күту залдарында да, онлайн режимінде де өтіп жатқан емтиханды көре алады. Көмекші құрал-жабдықтарды пайдаланып ұсталған клиенттер 3 айға емтихан тапсыру құқығынан айырылатынын ескертеміз", – делінген хабарламада.

Мемлекеттік корпорация теорияны келесі күні қайта тапсыруға болатынын еске салды. Егер екі рет сынақтан құласа бір айдан кейін ғана қайта тапсыруға болады.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді