Алматыда беделді мектептегі бала зорлығы: Оқушының анасы көзіне жас алып, қылмыскерді табуды өтінді

26.10.2023, 17:54
587
Алматыда беделді мектептегі бала зорлығы: Оқушының анасы көзіне жас алып, қылмыскерді табуды өтінді Бейнежазбадан

Алматыда халықаралық мектепте жыныстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болуы мүмкін баланың анасы тергеу барысына наразылығын білдірді. Әйел апелляциялық шағым түсіріп, тергеу барысына, сарапшының қорытындысына және бала құқықтары жөніндегі уәкілдің жұмысына көңілі толмайтынын айтты.

"Оқиға болғанына бір айдан астам уақыт өтсе де, қылмыскер табылмады. Себебі неде? Тергеу жұмысы нашар жүр ме, әлде халықаралық мектеп еліміздің заңдарына бағынбай ма? Неліктен директорды тым болмағанда тергеу кезінде қызметінен шеттеткен жоқ? Неліктен бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева моральдық-құқықтық көмек көрсетудің орнына үшінші рет жауап алуды талап ет3п отыр?" - деді баланың анасы.

Ол баласының жағдайы қазір психологтардың жұмысын қажет ететінін атап өтті. Әйел ішкі істер министрі Ержан Саденов пен бас прокурор Берік Асыловқа жүгініп, ресми сауалдарына жауап алмағанын атап өтті.

Баланың анасы үндеуінің соңында көзіне жас алып, учаскелік полицейлердің жұмысы нашар жүріп жатқанын айтты. 

"Кінәліні жалғыз мен іздеуім керек пе? Мен қарапайым қазақ әйелімін, ешқандай танысым жоқ. Мен әділ тергеуді қажет етемін. Баламды зорлаған адамды жалғыз өзім іздеуім керек пе? Неге мектеп пен полиция қылмыскердің бос жүргеніне мүлдем мән бермейді? Әділ тергеу үшін несие алып, халықаралық сарапшыларды жалдауым керек пе? – деді әйел көзіне жас алып.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды