Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ауруханаға 28 адам жеткізілген.Газдан уланған 20 адам жеңіл және орташа дәрежеде жарақат алған. Жансақтау бөлімінде түрлі жарақат алған бір науқас жатыр. Жағдайы тұрақты. Есін біледі.
Бір адам травматологияда жатыр, жағдайы орташа ауыр. Екі кенші Шахтинскінің орталық ауруханасына жатқызылған, жағдайлары орташа ауыр. Төрт адам амбулаторлық емдеуге жіберілді.