Елімізде шетелдік азаматтар айналысқан ауқымды есірткі өндірісі жойылды

31.10.2023, 17:42
588
Елімізде шетелдік азаматтар айналысқан ауқымды есірткі өндірісі жойылды canva.com

ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті астаналық және ақмолалық әріптестермен бірлесіп, таяу шет елдердің азаматтары ұйымдастырған жасырын есірткі өндірісін жойды

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, күдіктілер елімізге Астанада есірткі өндірісін ұйымдастыру және оларды өткізудің ірі арнасын жолға қою үшін келген. Алдымен, яғни мамырда елге қылмыстық бизнестің ұйымдастырушысы келген. Ол Астанада пәтер жалдап, есірткі зертханасын іске қосуға дайындалған. Осы мақсатта Ақмола облысы Ерейментау қаласының шетінен үй, Қазақстанға шетелден келетін сыбайластары пайдалану үшін автокөлік сатып алған. Барлық қажетті құрал-жабдық пен прекурсорларға тапсырысты қылмыскер интернет арқылы есірткі өндірісіне маманданған сайттарда беріп отырған. Олар контрабандалық жолмен жеткізілді.

Күдікті осы кезеңде полицияның назарына ілікті. Қылмыскерлер қауіпсіздік шараларын ұстануға тырысқан. Үйге жақын жерлерде түнде қарауға арналған үш камера орнатылған. Олар ауланың периметрін бақылауға және сәл күдік туған кезде өндірісті жасыруға мүмкіндік берді.

Полицейлердің жоғары дайындығы мен келісілген іс-қимылдардың арқасында есірткі зертханасының жұмысы бастапқы кезеңде тоқтатылды. Қылмыскерлер есірткі синтезінің соңғы циклінде ұсталды. Бұл олардың қылмыстық әрекеттерінің қажетті дәлелді базасын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Қала көшелеріне 12 келіден астам мефедрон жіберілмеді. Бұл – қауіпті препараттың шамамен 60 мың дозасы. Ұсталғандарға қатысты қылмыстық топтың құрамында аса ірі мөлшерде есірткі өндіргені үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол бойынша мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Сарқытбай Құсайынов.

Жыл басынан бері ішкі істер органдары 40 жасырын есірткі зертханасын жойды. Оның үшеуінде шетел азаматтары жұмыс істеген. Заңсыз айналымнан 195 келі дайын психоактивті заттар мен 79 тонна прекурсор тәркіленді.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді