1554

Түркістан облысында Қаңлы дәуіріне тиесілі қалашық табылды

Түркістан облысының Келес ауданында Қаңлы дәуіріне тиесілі ежелгі қалашықтың орны табылды. Бұл туралы smartnews.kz сайты Qazaqstan арнасына сілтеме жасап хабарлады.

Түркістан облысында Қаңлы дәуіріне тиесілі қалашық табылды
gurk.kz

Келес өзені бойын алып жатқан аумақты археологтар VIII-IX ғасырларда өркениет ордасы болған дейді. Көне мұра қаңлы дәуіріндегі дүниелер болуы мүмкін. Ондағы обалардың ерекшелігі, жерлеу дәстүрі байырғы тұрғындардың әлеуметтік жағдайын айқындауға мүмкіндік бермек.

"Камераның ішіне 4-5-6 адам жерленіп жатады. Оның бұрышына сүйектер үйіліп жатады. Неге? Өйткені ол басқа кезде де қолданылғанын көрсетеді. Бір отбасында біреу қайтыс болғанда оны үйіп қояды дағыны, екіншісін жерлей береді", - дейді археолог Музаффар Гурсой.

Әсіресе мүрделермен бірге көмілген қыш ыдыстар мен садақ жебесінің басы Қаңлы дәуірі кезіндегі ежелгі діни наным-сенімдердің болғанын айғақтайды. Археологтар сондай-ақ, осы маңнан Күлтөбе қалашығының орнын тапты.

Ал Мыңтөбе қорымынан табылған дүниелерді теңдессіз құнды жәдігерге балап отыр. Бұл жерде 600-ден аса қорым мен оба бар. Әлі күнге дейін зерттелмеген аумақтан археологтар ІІ-ІV ғасырға тиесілі жәдігерлерді тапты.