758

Қазақстандықтар «Израиль өнімдеріне» бойкот жариялады

Кейбір қазақстандықтар Израиль өнімдеріне бойкот жариялады.

Қазақстандықтар «Израиль өнімдеріне» бойкот жариялады
el.kz

Әлеуметтік желіде белгісіз ер адамның қазақстандықтарды Coca-Cola-дан бас тартуға шақырып жатқан видеосы тарады. Ол дүкендердегі газдалған сусынды алып, көшеде төкті.

Ол осылайша Израильдің Газа секторындағы әрекетіне қарсылық таныту керектігін айтады.

Газа секторындағы мұсылмандарды қырып жатқан Израиль тауарларына бойкот жариялауымыз керек. Әрбір мұсылманның өмірі біз үшін өте қымбат. Бірақ біз жым-жырт отырмыз, - деді ер адам.